Жоба туралы

www.igz.kz порталы – Қазақстан халқының басым көпшілігі ұстанатын Ислам дінін ғылыми негізде насихаттайтын интернет-ресурс.

Бұл www.igz.kz порталымыздың жобасы:

  1. “Ислам ғылымдары”, “Ислам және мәдениет”, “Ислам және ғылым” және “Ислам және қазақ қоғамы” атты бөлімдердің аясында ғылыми негізде мақалалар жәриялау;
  2. «Youtube» арнасы арқылы сұхбат жүргізіп, діни мәселелерге дәріс негізінде талдау жасау;
  3. Кітапхана: Тәуелсіздік алғаннан бері жарық көрген «Діни еңбектер, оқу құралы, монография, диссертация және ғылыми мақалалардың pdf» нұсқасын жинақтау;

 

Бұл www.igz.kz порталымыздың мақсаты:

  1. Қазақстан Республикасы мұсылмандарының ұстанатын құқықтық Ханафи мәзһабы мен сенімдегі Матуриди мәзһабын кеңінен нәсихаттау. Сол арқылы исламтанушы, дінтанушы және теолог дін мамандарының діни білімдерін порталымыз арқылы бөлісуіне әрі шыңдауына және көпшілік халықтың діни дұрыс білім алуына себепкер болу;
  2. Ислам – қоғамдағы кез келген мәселеге тұшымды шешім шығарған дін. Ал мұсылмандық – жеке бір адамның өмірі. Ол мұсылман – отағасы, отбасындағы бала-шаға, тіпті, қоғамның әртүрлі саласында жұмыс істейтін бір адам. Сондай-ақ, Ислам діні дұрыс түсіндірілмесе, дінін дұрыс түсінбеген бір мұсылман немесе Ислам дініне кең түсінікпен қарай алмаған өзге дін өкілі себепті қоғамда дінге қатысты бүлік туындауы мүмкін. Осы тұрғыдан діни таяз түсініктің негізінде қоғамда бүліктің туындауының алдын алу;

Бас редактор:

Самет Оқанұлы

«Әл-Азхар» университетінің түлегі, «Нұр-Мүбарак ислам мәдениеті» университетінің оқытушысы, исламтану ғылымдарының PhD.

Телефон: 8 747 803 7238