21 C
Almaty
Дүйсенбі, Мамыр 29, 2023
Дүйсенбі, Мамыр 29, 2023

Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары

Бұл ғылыми еңбек ислам дініндегі құндылықтарды мәдени антропологиялық феномен ретінде қарастырып, қазақ мәдениетіндегі ислам дінінің этикалық ұғымдар бастауларын философиялық, тарихи, мәдениеттану, дінтану секілді ғылымдар тоғысында, кең пәнаралық шеңберде зерттейді.

Қазақстандағы мұсылмандық дүниетанымның аксиологиялық сипаттамасын мәдениеттанулық тұрғыдан талдайды.

Монография авторы мыңжылдық тарихы бар Әл-Азхар университетінің теология мамандығының бакалавры әрі магистрі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Мәдени антропология» мамандығы бойынша PhD докторантура білім беру бағдарламасын тәмамдаған PhD докторы Ершат Оңғаров қазақ мәдениетінің қалыптасуы мен даму процесіндегі ислам құндылықтар жүйесінің моральды-этикалық категорияларын анықтап, Ислам философиясындағы ел бірлігі туралы ойлар хақында, Қазақстан үшін дәстүрлі исламға жат радикалды ағымдардың таралмауының оңтайлы мәселелері туралы ғылыми ізденіс-зерттеулерін қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық салаға нақты мәдени-танымдық зерттеу ретінде ұсынып отыр.

Монография мәдениеттанушы, дінтанушы, философ, теолог мамандарға және Ислам құндылықтарын тануды мақсат еткен ізденуші қауымға арналады

Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары
Соңғы жазбалар
Қазір оқылып жатыр
- Advertisement -spot_img

ПІКІР ЖАЗУ

Please enter your comment!
Please enter your name here