Жер бетінің кез келген тұсынан қағбаға қарай бет түзейтін бағыт – «құбыла» деп аталады. Ал «қағба» – күллі мұсылман қауым жүзін бұрып, құлшылық қылатын нүкте. «Қағба» – араб тілінен сөзбе-сөз аударғанда «құрметтелген, ұлы, үлкен жер» деген мағына береді. Және «куб», яғни текше деген де мағынасы бар. Сонымен бірге «Байтуль Ғатиқ», яғни «Ең ежелгі, ең бірінші» және «Байтуль Харам», яғни «Қасиетті үй» деп те аударылады. Қағбаның тек исламмен және арабтармен ғана байланысы бар және ол Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) өмір сүрген тұста пайда болды деп сену қате. Құранның «Әли Имран» сүресінің 96-аятында: «Негізінен адам баласы үшін Меккеде алғаш құрылған үй (Қағба) бүкіл әлемге мүбарак және тура жол», – деп баяндалады. Бұл аят Меккенің барша адамзат үшін ерекше мекен екенін нұсқайды. [1]
Қағбаның рөлі қандай?
Қасиетті қағбадан хабары жоқ кей адамдар (өзге сенімдегілер) мұсылмандар шаршы тәріздес сол қара тасқа мінәжат етеді деп ойлайтыны рас. Осы себепті олар «Неліктен ислам дінін ұстанғандар бір нәрсе табынатын дін өкілдері сынды қағбаға иілуі керек?» деп сұрап жатады. Міне осы тұста мұсылмандардың құлшылығы жайында кең түсінік беретін маңызды сұрақ ортаға шығады. Сауал: Ислам мен басқа діндердің арасындағы айырмашылық қандай? Ислам – адамға ауырлық жүктемейтін дін. Исламда егер мұсылман құлшылық жасау ниетімен қағбаға қарай бет бұрар құбыла бағытын нақты білмесе, өзі құбыла деп тапқан жаққа қарап, намаз оқи алады деген қағида бар. Сөзімізге дәлел ретінде Алла елшісінің (с.а.у) өз сахабаларымен бастан кешкен бір оқиғасын келтірейік. Жәбир (р.ғ.) былай дейді: «Бірде Алла елшісімен (с.а.у) жолда (немесе әскери жорықта) келе жатқанымызда, аспанды бұлт басып қалды. Сол кезде намаз оқу үшін құбыланы анықтауға тырыстық. Алайда шешім нақты болмағандықтан әрқайсымыз бөлек намаз оқыдық. Дегенмен, оқылатын намаздың бағытын белгілеу үшін алдымызға сызық сыздық. Таңертең аспан ашылған соң, құбылаға қарап намаз оқымағанымызға (сызыққа қарап) көз жеткіздік. Біз Пайғамбарға (с.а.у.) болған жағдайды айттық, сонда ол: «Сол намаз сендерге жеткілікті», – деп намазды қайта оқуды бұйырмады. (Ад-Даракутни, әл-Хаким, әл-Байһақи, ат-Тирмизи, Ибн Мажа және ат-Табарани). Бұл хадистің қайнар көзі мен жеткізушілер тізбегі «Әл-Ируә» (296) кітабында сенімділігі расталған.
Құран аятына назар аударыңыз: «Шығыстың да, батыстың да иесі бір Алла. Жүздеріңді қай жаққа қаратсаңдар да, Аллаға бет бұрған боласыңдар. Шүбәсіз, (күллі жаратылысты мейіріміне бөлеген) Алла өте кең, бәрін білетін шексіз ілім иесі». («Бақара» сүресі, 115-аят) Демек бұл аятқа қарап, біз құбылаға бұрылып намаз оқудың мәні мұсылман қауымның бір бағытқа бет алып құлшылық ету екенін түсінеміз. Өйткені ислам – бірлікке, бір тұтас дене сынды болуға шақыратын дін. Ал таба алмаған жағдайда оны (құбыланы) барынша іздеп, көңіл қалаған бағытқа қарап, сәжде етуге болады. Себебі жаратылыс атаулының иесі болған Алла біз қай бағытқа қарап мінәжат қылсақ та, жүректегі ниетті біледі. Өзі қаласа, сол ниетті қабыл алады.
Осынау қағбаның рөлі хақында атақты ислам ғалымы, әлемге әйгілі уағызшы, доктор Закир Найк былай дейді: «Ешбір мұсылман намаз оқыған сәтте қағбаға табынбайды. Қағба – бұл құбыла бағыты ғана. Біз мұсылмандар – бір тұтастыққа үйренген қауымбыз. Мәселен осы жерге жиналған баршамыз намаз оқығымыз келді делік. Кейбіреулер «қане, солтүстікке бет бұрайық» десе, енді басқасы «оңтүстікке қарайық» деуі мүмкін. Ал енді бір бауырлар батысқа не шығысқа қарап, құлшылық етейік деген пікір білдіруі ықтимал. Сондықтан (көпшілік бір бағытта болуы үшін) Алла бізге жүзді қағбаға қаратуды бұйырған: «Сапарға қай жерден шықсаң да (намаз оқығанда) жүзіңді Харам мешіті жаққа қарат. (Уа, мүміндер!) Өзге адамдардың сендерге қарсы қолданатын ешбір дәлелі болмас үшін, қай жерде болсаңдар да, жүздеріңді Харам мешіті жаққа қаратыңдар. Анығында, ақиқатты жасырып, жамандықта табандап өз-өздеріне қиянат жасағандар, не істесеңдер де бәрібір, сендерге қарсы болады. Алайда сендер олардан қорықпаңдар, Менен ғана қорқыңдар һәм Маған тиісінше тағзым етіңдер. Сонда өздеріңе берген (иман мен Ислам сынды) нығметімді тамамдайын, сөйтіп, нағыз тура жолға түскен боласыңдар». («Бақара» сүресі 2:150) Сонымен бұл қағба – құбыла бағыты. Сол себепті біз осы бағытқа қарап құлшылық қыламыз. Әйтсе ешбір мұсылман қағбаға табынбайды. Берілген жауапқа қанағат етпей, күмәнданар болсаңыз, мына бір риуаятқа құлақ түріңіз: «Абдулла ибн Саржистен (оған Алла разы болсын). Ол: «Мен таз кісінің (Омар ибн әл-Хаттабты меңзеген) қара тасты сүйіп: «Алламен ант етейін! Негізінде, мен сені сүйгеніммен, сенің бір тас қана екеніңді әрі сенің зиян да, пайда да келтіре алмайтыныңды білемін. Егер де Алла Елшісінің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) сені сүйгенін көрмегенімде, сүймес едім», – деп айтқанын көрдім» деген. (Бұхари, Муслим). Біз осы мысалға қарап, текше тәрізді қара қағбаның ешкімге пайда не зиян жеткізе алмайтынын һәм мұсылман жамағаттың оған сыйынбайтынын білеміз. Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (с.а.у) заманында дәл осы қағбаның үстіне шығып, азан айтқан сахаба да болды. Ал ешқандай пұтқа мінәжат етуші адам қағбаға шығып азан шақырмайды. Бұл – мұсылманның қағбаға табынбайтынына тағы бір мысал. Қағба – тек құбыла бағыты». [2] Міне, әйгілі ғалым осылай деп тұжырым жасаған.
Сағат тіліне қарсы қозғалыс
Аталмыш қағба жаққа бұрылып, намаз оқу ғана емес сондай-ақ тауап жасау да – біртұтастықтың көрінісі. Егер сіз кішкентай кванттардан ғаламды құраушы еңгезердей алып аспан денелеріне назар салсаңыз, атомнан бастап, ірі жұлдыздар мен ғаламшарлардың бәрі белгілі бір осьтің бойымен сағат тіліне қарсы бағытпен айналып жатқанын көресіз. Қызығы, мұсылмандар да дәл осылай қағбаны айналып, тауап жасайды. Сондықтан Исламдағы дәл осы құлшылық көрінісі ғарыштан бастап, табиғаттағы барлық тіршілік атаулының күллісі Аллаға ғана табынатынын көрсетеді. Бұл барлық жаратылыстың біртұтас екенін білдіретін мысал.
Мұсылман қауымның бір бағытқа қарап тәкбір қағып, бір сапта намаз оқуы һәм бір қозғалыспен тауап жасауы расымен де жай нәрсе емесін түсінуіміз керек. Бұл – асыл дініміздің негізгі ұстанымы. Алланың сүйген амалы және Ардақты елшінің мұра қылған өсиеті. Яғни бұл – бірлік. Мұсылман біріксе, қамал бұзар күш. Бас қоспай, бытырай берсе, әл-қуаты жоқ қауым ғана. Сондықтан біз біртұтастыққа шақырған Исламның бірлігі жарасқан өкілі болуымыз қажет. Сонда ғана биік шыңдарды бағындырамыз.
Жердің «Алтын нүктесі»
Енді мына бір мәліметке қараңыз. Қағба (құбыла) жайында логикалық тұжырымнан бөлек, ғылыми анықтама да бар. Адам баласы құбылаға бет бұрып, басын сәждеге қойған сәтте, оның денесіндегі қажетсіз зиянды зарядтар тұла бойынан толық шығып кетеді екен. Сондай-ақ бұл ағзаның оның энергетикалық жүйесін тепе-теңдікте ұстауына ықпал етеді. Сіз мұның қалай жұмыс істейтінін білуіңіз үшін алтын қима түсінігінен хабардар болуыңыз қажет. «Алтын қима» – бұл «таңғажайып үйлесімділік» аталатын ұғым. Оның әлдеқайда ұзын А қашықтық пен анағұрлым қысқа В бөлігі π (Фи константаға 1,618) тең болады. «Фи» 1,618 – математикалық теория. Байқасақ, шексіз құдірет иесі Алла жаратылыстың көбіне дәл осы керемет өлшемді енгізген. Бұл сан Мысыр пирамидаларының құрылысы мен әйгілі сәулет ескерткіштерінде де қолданылған. Өз шығармаларында атақты неміс астрономы Иоганн Кеплер бұл санды «баға жетпес қазына» деп атайды. Доктор Стивен Марко өзінің 25 жылдық жұмысының және мол тәжірибесі нәтижесінде бұл үйлесімділік атом деңгейінде адамның құрылымында болатынын дәлелдеді. Адамның бет-әлпеті және денесі осы керемет сызба бойынша жасалған. [1] Сондай-ақ Жаратушы дәл осы сандар комбинациясын ғаламның көптеген жаратылысы мен құбылыстарына: жүректің соғысына, ДНҚ молекулаларының логарифмдік спиралының ұзындығы мен енінің қатынасына, ғаламның құрылымдық ерекшеліктеріне енгізген. Сонымен бірге бұл жүйе жапырақтар мен өсімдіктердің орналасу заңдылығында, қар түйіршіктерінің кристалды құрылысында және көптеген галактикалардың спираль тәрізді құрылымдарында көрініс табады. [3]
Алтын қима – Алланың шеберлігін паш ететін жарытылыс өлшемі. Ал Жердің «алтын нүктесі» қай жақ? Егер осы өлшемді Жер шарына салсақ, онда ғаламшарымыздың алтын нүктесі Мекке шаһары екенін көреміз. Мекке қаласынан Солтүстік полюске дейінгі қашықтық пен Меккеден Оңтүстік полюске дейінгі қашықтық – 1,618 санына тең. Мұндай ғажап үйлесімге «алтын пропорция» десек жараспай ма?!
Google Earth бағдарламасын қолдана отырып, сіз осы фактілердің барлығын оңай тексере аласыз. Сонымен қатар Америкалық Phi Matrix бағдарламасын суретшілер сурет пен сызулардың алтын қимасын анықтау үшін қолданады. Егер осы бағдарламаға әлем картасын жүктесек, онда Жердің алтын нүктесі қасиетті Мекке қаласы екеніне тағы да көз жеткіземіз. [1]
Бұл алтын нүкте тек қаламен шектелмейді. Құрандағы «Әли Имран» сүресінің 96-аятына назар аударыңыз: «Негізінен адам баласы үшін Меккеде алғаш құрылған үй (Қағба) бүкіл әлемге мүбарак және тура жол». Осынау аяттағы араб әріптерінің саны – 47. Егерде тұтас сөйлем құралған аяттың алтын пропорциясын анықтау үшін есептеп көрсек, аяттың хақ ортасы «Мекке» сөзі боп шығады. Ал барлық аяттағы әріптер санын 1,618-ге бөлер болсақ, 29 шығады. Дәл осы 29-әріптен соң аяттың басында «Мекке» сөзі тұрады. Олай болса Құрандағы осы аяттың алтын нүктесі – «Мекке» сөзі. Алла – неткен шебер жаратушы, Құран – қандай теңдесі жоқ мұғжиза кітап десеңізші…
Сондай-ақ Меккенің алтын нүктесі – бұл қағба. Қағба Жердің алтын нүктесі саналатындықтан ол – ғаламшардағы ең қуатты энергетилық өріс. Бұл тұжырымның дұрыс екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Ғарыш мамандары ғарыштан Жерді суретке түсіргенде олар мұның қараңғы аспалы сфера екенін көрді. Осы кезде адам «Жер қараңғы аспалы сфера, кім оны оған іліп қойған?» деген екен. Мұны Нил Армстронг айтқан. Ол 1969 жылы 20 шілдеде экспедицияда Айға алғаш табан тіреген жан саналады. [1] Мамандар Жердің радиация тарататынын анықтады. Сондай-ақ бұл жөнінде ғаламторда да айтылған. Бұл ақпарат онда ұзақ тұрмай, өшірілгенге ұқсайды.
Қағбада энергия заряды бар ма?
Алтын қиманың энергетикалық өрісті қалай беретінін түсіну үшін энергияны орталық нүктеден сыртқа қарай шығаратын галактиканы не өсімдіктерді мысал ретінде алуға болады. Дәл сондай тәсілмен ядролық энергия өз жанында айналып жүретін электрондар мен энергетикалық жүйені тепе-теңдікте ұстайды. Яғни ядролар тепе-теңдік үшін теріс энергияларды алып, оңды энергияларды береді. Міне сондықтан қағбаны тауап еткенде қажылық жасаушы энергия зарядын алады. Бұл – факт.
Енді зерттеулер нәтижесі көрсеткендей күн сайын біздің дене қоршаған ортадан зиянды электромагнитті зарядтарды жинауы ықтимал. Ал бұлар адамның бас сүйегінің алды яғни маңдай жағына жиналады. Нақтырақ күйзеліс, бас ауруы, жалқаулық, психикалық қысым, сондай-ақ бұдан да үлкен қауіпті мәселер де осы жерге шоғырланады. Мидың маңдайдағы осы бөлігі оң және теріс энергияны қабылдайтындықтан «маңдай чакрасы» деп те аталады. Осынау зиянды зарядтар бас жерге қойылғанда шығатыны айқындалған. Алайда бұдан да жақсы нәтиже үшін маңдайды Жердің ең қуатты өрісіне, яғни қағбаға бағыттап қоюымыз керек.
Құлшылық кезінде мида…
Американдық нейробиолог, медицина докторы Эндрю Ньюберг адам құлшылық жасаған кезде мида қандай өзгеріс болатынын зерттеген. Ондаған жылдар бойы жасаған зерттеулер нәтижесінде ол құлшылықтың миға кәдімгідей әсер ететінін анықтады. Ғалым алдымен құлшылықтың миға тигізетін әсерін зерттеу үшін құлшылық кезінде адамға зиянсыз радиоактивті бояу енгізген. Мидың әртүрлі аймақтары белсенді жұмыс жасағандықтан, бұл контраст дәл сол белсенділік ең күшті болатын жерге көшеді. Құлшылық кезінде абстрактілі ойлауға жауап беретін мидың маңдай бөліктері өте белсенді болды. Олар белгілі бір тапсырмаға назар аударған кезде әрқашан көбірек жұмыс істейді. Бұл сәт сурет түрінде де көрсетілген. Сонымен қатар, атеисттердің «Құдай туралы не ойлайтынын» бақылай отырып, доктор Ньюберг діндар адамдарда байқалған мидың маңдай бөлігіндегі белсенділігін оларда болмағандығын алға тартады. Бұдан ғалым жүрегінде Құдайға деген сенімі бар жандарда өзгешелік барын байқайды. Осы тәжірибе барысында ғалымдар былай деп қорытынды шығарған: «Нақтысын айтқанда, қарқынды жасалатын құлшылық ми жасушаларынан белгілі бір реакция тудырады. Бұл жауап трансцендентальды мистикалық тәжірибені ғылыми фактіге, нақты физиологиялық құбылысқа айналдырады». [4] Біз бұдан намаздың артықшылығын көреміз. Күнделікті бес уақыт намаз оқу маңдай үлесінің қысқаруын тоқтатады. Мидың осынау бөлігі біздің сөйлеуімізді, оқуымыз бен жадымызды реттеп отырады екен. Сондықтан намаз қартайған шақта ақылдан алжасудың алдын алады. Бұл – адамды тыныштыққа жетелейтін медитацияның мінсіз түрі саналады. Өйткені Құранда айтылғандай «Міне, солар – иман келтірген әрі Алланы еске алу арқылы жүректері жай табатын ізгі жандар. Ендеше, біліп қойыңдар! Жүректер Алланы еске алу арқылы ғана жай тауып, толық қанағаттанады!» емес пе?! («Рағыд» сүресі, 28-аят)
Жәннаттан келген тас
Біз білетін Меккедегі қағбадағы қара базальт тастар әлемдегі ең көне тастар екені де айтылуда. Ғалымдар Меккедегі базальт тастарды алып, олардың шығу тегін (қалыптасуын) зерттеген. Нақтырақ деректерге сүйенейік.
Мысыр ұлттық-ғылыми зерттеу орталығының докторы Әбд әл-Бассет әл-Саййид 2006 жылдың 9 наурызында «Әр-Рисәлә» (1991 жылы ашылған мысырлық спутниктік арна) арнасына берген сұхбатында мына жайды баяндады: «ХVIII ғасырда британ ғалымдары Қара тасқа қызығушылық білдіріп, зерттей бастады. Британ мұражайында қағбадағы Қара тастың 3 бөлшегі бар. Британдық зерттеушілер қағбаның Қара тасы ғарыштан жартылай өткізгіш екенін және бұл тастар біздің Күн жүйемізден емес екенін дәлелдеді. Яғни ол Жәннаттан түскен Қара тас екені анықталып тұр. Жартылай өткізгіштер электрониканың дамуына әкеледі. NASA агенттігі Британ мұражайындағы үш тастың біреуін миллиондаған телефон сымдарымен зарядтады, бірақ тас төтеп берді. Тастың мөлшері нәбәрі бұршақтың көлеміндей еді. Олар оны 100 миллион телефон сымымен зарядтады, бірақ тас оған тағы да қарсы тұрды. Осы зерттеуде бұл тастың көрінбейтін 100 сәуле шығаратыны анықталды. Әр сәуле 10 000 адамнан өте алады». [1] Байқасақ ғалымдар сол тастардың біздің күн жүйесінен емес екенін алға тартқан. Яғни бұл қара тас жәннаттан түскен. Оған дәлел ретінде Анас ибн Мәликтің жеткізуінше, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қара тас – жәннат тастарынан», – деп айтқан. (Байһақи)
«Енді кім қаласа, (Құранға) ой жүгіртіп, ғибрат алсын».
(«Абәсә» сүресі, 12-аят)
(Уа, Құрайыш қауымы һәм күллі адамзат!) Міне, сендерге (екі дүниеде де шынайы бақытқа жеткізетін) барлық қажетті қағидаларды қамтыған һәм атақ-абыройларың да соның ішінде болған Кітап түсірдік. Сонда да ақылға салып, ойланбайсыңдар ма?
(«Әнбия» сүресі, 10-аят)
Ораз Елмұрат
Пайдаланған әдебиеттер:
- https://www.muftyat.kz/kk/articles/edification/2020-03-05/30485-kagbanyn-kandai-kupiiasy-bar/
- https://www.youtube.com/watch?v=rP8KTIBWhVc
- https://converted-islam.livejournal.com/74795.html
- https://www.nbcnews.com/news/religion/power-prayer-what-happens-your-brain-when-you-pray-n273956