«Тасыған (немесе қиямет орнағанда отқа оранып бұрқ-сарқ қайнайтын) теңіз(дер)ге серт!» («Тур» сүресі, 6-аят)
Назарларыңызға ұсынылған осынау аятқа қарап, алғашында түсінбей қалуларыңыз мүмкін. Сонда су толы теңіз өртене ме? От пен су бір-біріне қарсы зат емес ме? Бұндай сауалдар көпшіліктің көкейінде самсап тұрған шығар. Нақтырақ айтайық.
Су – молекуладан құралған жаратылыс. Оның молекуласының құрамында сутегінің екі атомы, ал оттегінің бір ғана атомы бар. Оттегіден тұратын әрбір химиялық нәрсе өртенетіні бәрімізге белгілі. Сондықтан су өртене алады. Ғылыми негізге сүйенсек, суды қыздыру арқылы ол өртке оранады. Яғни, су мыңдаған градусқа дейін барса, әлгі судың екі молекуласы бір-бірінен ажырайды. Сөйтіп, су лапылдап жанады. Бұл алғашқы және қарайым дәлел болсын.
Енді іс жүзінде жүзеге асқан тәжірибеге ауысалық. Су – әрине, ең қолжетімді химиялық заттардың бірі. Бұл табиғатта сирек кездесетін жаратылыстардың сипаттамасына қарағанда судың қасиеттері ертерек белгілі болды дегенді білдіре ме? Бір қызығы, жоқ. Ұзақ уақыт бойы су әдетте қарапайым зат болып саналды. Жалпы, судың құрамы кездейсоқ жағдайда анықталды. Дәлірек, 1783 жылы британдық ғалым, физик және химик Генри Кавендиш оттегімен (кислород) тәжірибе жасайды. Тәжірибе кезінде ғалым бір оттегі көлемін екі ыстық ауамен (сутегі) араластырады. Содан кейін қоспаның үстінен электр разрядын өткізгенде, колбаның іші лап етіп, күйіп, оның қабырғасында сұйық тамшылар пайда болғанын көреді. Қызығы, осынау тамшыларды зерттеп қараған Кавендиш оның кәдімгі су екенін анықтаған.
Ғалым бұған таң қалады. Кенеттен күтпеген жайт орын алған тәжірибе нәтижесінде өртті сөндіретін қарапайым судың да құрамында от бар екеніне көз жетті. Кавендиш жүргізген реакция формуласы мынадай болды: 2H2 + O2 → 2H2O + 136,74 ккал.
Қазір күнде осынау реакция химиядан хабардар мектеп оқушысына белгілі. Десек те, Кавендиштің XVIII ғасырда жүргізген тәжірибесі адамзатқа кең тарап, ғылыми төңкеріс жасады.
Осыдан соң әйгілі француз химигі Антуан Лавуазье британдық әріптестерінің тәжірибесіне қызығушылық танытты. Ол Генри Кавендиштің тәжірибесін қайта қарап, өз жұмысының нәтижесін Франция ғылым акедемиясының мүшелеріне таныстырады. Бірақ сол кезде оның жасаған мәлімдемесі ғылыми тұрғыда қате деп танылып, қатал сынға ұшырайды. Әйткенмен Лавуазьенің тұжырымы тек екі жылдан кейін ғана ескерілген. [1] Дәлірек, өз ғылыми тұжырымы бойынша ол әріптестерімен бірге су құрамындағы газтектес сутегіні бөліп алып, тұңғыш дирижабльдерді (Дирижабль (фр. dirigeable — басқарылатын) — ауадан жеңіл газдын — сутек немесе гелийдің көтеру күшімен ауаға көтерілетін сигара пішінді ұшатын аппарат) ұшырды. [2] Осылай әлемдегі ең алғаш дирижбль 1783 жылы 27 тамызда көкке көтерілді.
Сутегіден құралған ыстық Күн
Біз білетін күннің де құрамында суда кездесетін элементтер барын білесіз бе? Ғылыми дерекке сүйенейік. Күн жерге ең жақын орналасқан жұлдыз саналады. Аспан денесіндегі барлық жұлдыздардың құрамы да дәл күн секілді. Ғалымдар ұзақ уақыт бойы жұлдыздарды темірден құралған деп ойлап келді. Тек 1925 жылы Гарвард обсерваториясының студенті Сесилия Пейн жұлдыздар сутегі мен гелийден құралған деген болжам көтереді. Алайда оның тұжырымы 1956 жылы ғана мақұлданып, профессорлық атаққа ие болады. Бүгінде оның болжамы толық дәлелденді. Ал енді мынаған зер салыңыз: Күннің химиялық құрамы 75%-сутегіден, 25%-гелийден құралады. Демек температурасы 15 млн градустан тұратын лаулап тұрған Күннің құрамының 4/3 бөлігі қарапайым суда кездесетін сутегі элементінен құралған. [3]
Ғалым пікірі
Құрандағы теңіздердің өртенуі жайында өрбіген аяттар бұрын да тәпсірленген. Әрине ол кезде ғылым бүгінгідей дамымағандықтан, ол ашық түсіндірілмеген болар. Десек те, қазіргі таңдағы ғалымдар төмендегі екі аятқа өзгеше түсініктеме берген. Мәселен Құранның қазақша аудармасында осынау құбылысқа қатысты былай делінген: «Алла тағала суды жанғыш сутегі мен жандырғыш оттегінің қосындысынан жаратқан. Нәтижеде, екі бірдей отты элементтің қосындысынан от сөндіруші су пайда болған. Осынау таңғажайып қосынды ажыраған кезде сутегі тұтанып, ал оттегі өртті одан сайын өршіте түседі». [4, 586]
Бұдан бөлек мұндай табиғи құбылыс ауқымды түрде түсіндірілген. Сондай түсіндірме жасаушы ғалымның бірі Құранды зерттеуші ғалым – Зағлул Наджар. Ендеше біз ғалым жасаған тұжырымды назарларыңызға ұсынамыз.
(«Тасыған (немесе қиямет орнағанда отқа оранып бұрқ-сарқ қайнайтын) теңіз(дер)ге серт!» («Тур» сүресі, 6-аят)
Бұл Құран аяты серт берілген нәрсенің серт беру арқылы маңыздылығын түсіндіру үшін түскен, бірақ Алла бұлай серт беруге мұқтаж емес. Ал енді от боп жанған теңіздің ерекшелігі неде? Су мен от ешқашан бір уақытта бірге жұмыс атқара алмайды. Себебі су отты өшірсе, от суды қайнатып бу қыла алады. Сонда қалайша теңіз отқа орануы мүмкін?! Ертеректегі тәпсіршілер Құрандағы басқа тікелей жазылған аятқа сүйене отырып, бұндай тұжырым тек Қиямет күні бола алатындығын келтірген.
Енді мына бір аятқа назар аударыңыз: «Теңіздер өртке оранып, бұрқ-сарқ қайнаған кезде». («Тәкуир» сүресі, 6-аят)
Аяттағы «әл-мәсжур» сөзінің «өртелген» деген лингвистикалық мағынасы ертеректе зерттелген. Бұндай сипаттаманың мағынасы – «жақын орналасқан континенттік массалардың тепе-теңдігін бұзбас үшін, сумен толтырылған» деген тұжырымға сай келеді. Себебі қазір жердегі тұщы судың басым бөлігі екі полярда орналасқан мұздықтарда, яғни мұз болып қатып қалған таулардың шыңдарында сақталған. Бұндай үлкен массаларды еріту үшін, жазғы орташа температураны 40-50°-қа көтеру керек, ал бұл процесс жүзеге асса, әлемдегі мұхиттар мен теңіздер деңгейі 100 метрге көтеріліп, жазықтар мен қазіргі кездегі өркениет ошақтарын су басып кетеді. Дегенмен, ғалым-зерттеушілер Қызыл және Араб теңіздерінің, Тынық, Үнді, Атлант мұхитының өртелгенін байқауда, бірақ Жерорта, Қара және Каспий теңіздерінде ондай жағдай байқалмайды. Жоғарыда айтылғандай, осы уақытқа дейін карталарға орта-мұхиттық рифт жазықтарында 64000 километр орта-мұхиттық жоталарының сызбалары түсірілген.
Олар негізінен, мұхиттық рифттық зоналарда төгілетін вулкандық базальттық жыныстарынан тұрады (1000° немесе одан да жоғары температурада мұхит бедерінің әр учаскесінде жаңа тақталарды және орта-мұхиттық жоталарды тудырып, шетке қарай таралуда). Орта-мұхиттық вулканизм вулкандық жарықтан туындайды, ол өз алдына жыртылған мұхиттық бедеріндегі орта-мұхиттық рифттық жүйеден шығады, ал қарама-қарсы тараптар атқылаған магманың күшімен шеттетіледі. [5]
Ғалым келтірген екі аяттың орналасу ретіне мән берсек. Байқасақ, «Тур» және «Тәкуир» сүресіндегі теңіздің өртенуіне қатысты екі аят та 6-шы тармақ боп келген. Бұның өзі Құрандағы сандар сәйкестігі десек те болатын шығар бәлікім. Дегенмен, барлық жаратылыстың сырын білуші Алла Тағала бізге мұнымен не айтқысы келген деп ойлайсыздар? Жаратқан алдымен Өз ұлылығын паш етсе, адамдарға «ойлан, ізден» дегендей ой салады. Өйткені Құранда айтылған мұндай мұғжиза дәлелдер саналы жанды Аллаға қарай жақындатпаса, алыстатпайды. Өйткені Алла түсірген Құран бір жағынан – иманды толықтырып, білімді кеңейтетін кітап. Осынау кітаптың әлемдердің Раббысы түсірген ақиқат кітап кітап екені жайында «Сәжде» сүресінің 3-ші аятында былай делінген: (Уа, Мұхаммед!) Әлде ол мүшріктер: «Оны (Мұхаммед) өз ойынан шығарды», – дейді ме? Жо-жоқ, ол – ақиқаттың нақ өзі. Ол – сенен бұрын өзіне бірде-бір ескертуші келмеген қауымды тура жолға түсер ме екен деп ескертуің үшін Раббыңнан келген (хақ кітап)». Ал бұдан кейінгі айтта: «Ол – күллі аспан әлемі мен жерді және екеуінің арасындағы барлық нәрсені алты күнде жаратқан һәм содан кейін Аршқа «истиуа» еткен (яғни, Аршқа шексіз билігін жүргізген, Аршпен бірге күллі жаратылыс атаулыны толық меңгеріп, шексіз үкімін жүргізген) Алла. Сендердің Одан басқа арқа сүйер қамқоршы иелерің де, өздеріңе арашашы болар шапағатшыларың да жоқ. Сонда да ойланбайсыңдар ма?!» – делінген. («Сәжде» сүресі, 4-аят) Мұнда шексіз құдірет иесі Алланың жаратушы сипаты ашық көрсетілген. Аяттың соңы «ойланбайсыдар ма?» деп аяқталған. Мұндай мағынада келетін сөздер Құранда көптеп кездеседі. Расында біз көп ойлануымыз қажет. Сонда Жаратқан Алланың ұлылығына айқын көз жеткіземіз.
Суды қалай жандыруға болады?
Сутегі энергетикасы шамамен алсақ, 200 жыл бойы қолданыста келе жатыр. 1806 жылы өнертапқыш Франсуа Исаак де Риваз іштен жанатын қозғалтқышты жасаған кезде, оның көлігі сутегімен жұмыс істеді. Ал кейінірек жарық бергіш газды қолдану (сутегі, метан және басқа да жанғыш газдардың қоспасы) қолданысқа енді. Көпшілікке мәлім бензинге келер болсақ, ол 1870 жылдары ғана іштен жанатын қозғалтқыштарда қолданыла бастады. Белгілі болғандай, дирижабльдер де сутегімен ұшқан.
Бүгінде автокөлік өндіруші мамандар «жасыл энергетика» деген мәселеге назар аударуда. Өйткені, оның басты артықшылығы – ол жанғанда (яғни оттегімен қосылып) қоршаған ортаға зиянсыз су ғана түзіледі. Ал «классикалық отын» саналатын (мұнай, газ, көмір) жанған кезде, көп мөлшерде көмірқышқыл газын, сонымен қатар қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды азот пен күкірт оксидтерін шығарады.
Су – зиянсыз энергия
Су – сутегі һәм оттегінің қосылуынан тұратын табиғи жаратылыс. Сондықтан ол жай кезде жанып кете алмайды. Суды оттегіге қарағанда күшті тотықтырғыштың көмегімен ғана «жағуға» болады. Дәлірек айтқанда, бұл фторды қажет етеді. Аталмыш химиялық элементтің атмосферасында су шынымен жанып кетеді. Сутегі энергиясының қалдығын пайдалы арнаға жіберудің тағы бір қарапайым әдісі бар. Судың жоғары кернеуде бөлінуіне әкелетін судың электростатикалық бүрку құбылыстары бұрыннан белгілі. Осылайша бөлінген сутегі мен оттегі бір-бірімен қайтадан әрекеттесіп, ашық сарғыш-сары жалын түзеді.
Осы технологиялардың негізінде үнемдеуге қолайлы жылу жүйелерін ғана емес, сонымен қатар үлкен көлемде энергия өндіруге қабілетті және толығымен автономды «су плазмалық» электр станциясын құруға болады. Оның гидроэлектрстанциялардан айырмашылығы, бұл көп мөлшерде су мен бөгеттер құрылысын қажет етпейді. Сондай-ақ онда электр мен жылуды тазартылған суды жағу арқылы алуға болады. Алдын ала есептеулер бойынша бір литр су бір циклде шамамен 200 киловатт энергия өндіреді.
Мұндай технологиялардың өзіндік артықшылығы мол. Мәселен, процеске жұмсалатын аз қаражат, отынның болуы, кез келген ыңғайлы өлшемдер (қажетті қуатқа байланысты) және жеңіл салмақ. Қажет жағдайда су бөлу процесін бірден тоқтатуға болады, бұл плазмалық электр станциясының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мұндай кәсіпорынның экологиялық тазалығы: мұндай қондырғы көмірқышқыл газын шығармайды және ауаның озонмен жаңарып отыруына ықпал етеді. Мүмкін, болашақта біз күнделікті өмірде қолданылатын осындай технологиялардың шығатынына куә болармыз.
Суды немесе мұзды пайдаланып, қалай от жағуға болады?
Кәдімгі сіріңке мен оттық, шақпақ тас немесе лупасыз от жағу оңай екенін білесіз бе? Бұны тәжірибемен дәлелдейік. Ескертпе: Дегенмен, бұларды тек қауіпсіз жерде (балалар ересектердің көмегімен) жасау қажет!
Алғашқы тәсіл. Ескі шам тауып, оның ішіндегі барлық нәрсені алып тастаңыз. Осылайша бос шам пайда болады. Содан соң оны сумен толтырыңыз, сонда сізде әдемі линза пайда болады. Кейін күн сәулесін түсіру үшін оны қағаздың, табиғи мақтаның немесе құрғақ шөптің үстіне ұстаңыз, ол сонда көп ұзамай жана бастайды.
Егер дөңгелек пішінді түссіз пластик бөтелкені тауып, оны сумен толтырсаңыз, одан да от пайда болады. Құрғақ шөп тауып, күн сәулесі қажетті нүктеге бағытталуы үшін бөтелкені айналдырыңыз. Айтпақшы, осылайша сіз далада тек от жағып қана қоймай, қараңғы жерді де жарықтандыра аласыз. (Мұны тек ашық далада сіріңкесіз қалғанда жасаған жөн).
Келесі тәсіл. Түссіз полиэтиленді үлбір тауып, оны сумен толтырыңыз. Содан кейін полиэтиленнің шеттерін бос орын болмайтындай етіп жинаңыз. Нәтижесінде түссіз шар шығады, ал оны линза ретінде қолдануға болады. Содан соң ағаш қабыршағын уатып немесе қағазды ұсақтап жыртып күн түсетін орынға қойыңыз. Ол дайын болған соң су толы полиэтиленді соның үстінен ұстап тұрыңыз. Кішкене күтсеңіз, күннің сәулесі полиэтилен ішіндегі сумен шағылысып, қағазға түседі. Сонда алдымен түтін, сосын от пайда болады.
Сурет рамкасымен де тәжірибе жасауға болады. Оның үстіне полиэтиленді созып, ортасында ауада болатындай етіп екі жағына қойыңыз. Содан соң полиэтиленнің үстіне сәл жылы суды абайлап құйыңыз. Полиэтилен оның салмағынан бүгіледі. Одан кейін күн сәулесі түсетін әрі отты тез тұтатуға ыңғайлы линза пайда болады.
Мұздың да көмегімен от жағуға болады. Бұл әдіс Жюль Верннің «Капитан Хаттерастың саяхаты» әңгімесінде айтылған. Алғаш рет Англияда 1763 жылы мұз линзасымен ағашты жағу әдісі негізінде бірнеше рет тәжірибе жасалды. Бұл көбіне сәтті жүзеге асқан. «Мұзды жасымық» (чечевица) деп аталатын құралды жасау үшін, алдымен суды тиісті пішіндегі шыныаяққа құйып, мұздатуыңыз қажет. Содан кейін шыныаяқты сәл жылытып, дайын түссіз мөлдір линзаны шығарып аласыз. Мұндай экспериментті орындаған кезде, оның тек ашық аязды күні және ашық ауада жүзеге асатынын ұмытпаңыз. Бірақ бөлмедегі терезеде ішінде бұл сәтті шықпайды. Өйткені терезе әйнегі күн сәулелерінің энергиясының азғана бөлігін сіңіргендіктен сәуле жеткіліксіз болып қалады.
Отты сарқырама
Калифорнияда орналасқан Йосемити ұлттық саябағында (Yosemite National Park) көздің жауын аларлық «Жылқы құйрығы» (Horsetail Falls) атты сарқырама бар. Оның бастауынан ағатын екі ағынды су жылқы құйрығына ұқсағандықтан ол осылай аталған. Табиғи сұлулық саналатын сарқырама Сан-Францискодан небәрі үш сағаттық жерде орналасқан. Алайда ол Сьерра-Невада тау жотасын қамтитын қалың қылқан жапырақты ормандардың қақ ортасында тұр.
Сіз бұл сарқыраманы жыл бойы тамашалай аласыз. Ол көбінесе басқа сарқырамалардан былайша қатты ерекшеленбейді. Бірақ ақпан айы туғанда сарқырама мүлде басқаша реңкке өзгеріп сала береді. Бұл кезде құдды бір судың орнына жартастан сұйық от немесе вулканды лава сарқырап ағып жатқан сияқты болады. Әрине, бұл – күн батқанда ашық ауа-райы кезінде пайда болатын құбылыс. Осы себепті су бірнеше күнде «жалынды күйде жанып», ағып жатады. Шын мәнінде, мұндай құбылыс күннің қызыл-қызғылт сәулелерінің белгілі бір бұрышқа түсуінен болады. [6]
- https://kk.wikipedia.org/wiki/Дирижабль
- https://22century.ru/cal/water-chemistry
- https://www.youtube.com/watch?v=ZPumd9a4nxk
- Мәселен Анарбаев Нұрлан Сайлауұлы, Әкімханов Асқар Болатбекұлы, Құран кәрім (қазақша түсіндірмелі аударма). – Алматы: Көкжиек, 2015, – 624 б.
- https://quranandscience.com/quran-science/earth/355-the-sea-set-on-fire
- https://my19edwin.livejournal.com/346731.html